Алматыда ЕҚЫҰ-ға ұсынылатын ұлтаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесі туралы ғылыми конференция өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Ұлтаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесі: ЕҚЫҰ үшін ұсыныс» деп аталатын ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оны ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ), ЕҚЫҰ-ның Астана қаласындағы орталығы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірігіп ұйымдастырып отыр. ҚСЗИ директоры Болат Сұлтановтың айтуынша, Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ төрағалығына дайындық аясында өткен бұл шара тақырыбының таңдалуына еліміздегі ұлттық және діни саясаттың әлемдік қауымдастық тарапынан оң бағалануы түрткі болған. Онда ұлтаралық және дінаралық қатынастардың даму жағдайы мен келешегін қарастыру және оның қазақстандық үлгісін ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бейімдеу мүмкіндігін талқылау көзделуде. Бұл алқалы жиынға мемлекеттік басқару органдарынан, Қазақстан халқы Ассамблеясынан, қоғамдық ұйымдардан, ғылыми-зерттеу институттары мен тәуелсіз талдау орталықтарының сарапшылары және дипломатиялық корпустардың өкілдері қатысуда.
Соңғы жаңалықтар