Алматыда «ЕҚЫҰ және Орталық Азия елдеріндегі демократияландыру үдерістері» атты халықаралық конференция өтеді

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мамырдың 28-де Алматыда Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға алдағы төрағалығына дайындығы аясында «ЕҚЫҰ және Орталық Азия елдеріндегі демократияландыру үдерістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Алматыда «ЕҚЫҰ және Орталық Азия елдеріндегі демократияландыру үдерістері» атты халықаралық конференция өтеді
Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, бұл іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Омбудсмен өкілдері, біздің еліміздің мемлекеттік органдарының, Орталық Азияның талдау орталықтарының, дипломатиялық корпустың, ЕҚЫҰ және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысатын болады.