Алматыда «Елбасы және шетелдегі қазақтар» атты халықаралық «дөңгелек үстел» өтеді
АЛМАТЫ. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Сара Мұстафина/ - Қарашаның 19-ы күні Алматыда «Елбасы және шетелдегі қазақтар» тақырыбында халықаралық «дөңгелек үстел» өтеді. Іс-шараның бастамашысы- Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, деп хабарлады осы ұйымның Талдау орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Күлғазира Балтабаева.
Қытай, Моңғолия, Түркия, Германия, Швеция, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан мен Қарақалпақстаннан келетін қонақтар іс-шараға қатысатындықтарын қуаттады.
Жиын мақсаты - ҚР Президентінің шетелдік қазақтарға деген қарым-қатынас жөніндегі саясатын, соның ішінде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылатын «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы мен тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының дамуы мен қалыптасуының негізгі бағдарламаларын талқылау болып табылады.