Алматыда Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында кездесулер өтуде

зейнеткерлер және мекеме ұжымымен кездесті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Кездесудің негізгі мақсаты - ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауын кеңінен насихаттау, берілген тапсырмалардың орындалуын түсіндіру, әр жылдың басты құжатына айналған Жолдаудың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспарларды айқындаудағы маңыздылығын жариялау болып табылады.
Мұның алдында Серік Ахметов «Өжет» шағынауданында орналасқан №156 және №148 орта мектептердің ұстаздарымен жүздесті. Сондай-ақ, вице-министр «Жұмыспен қамту 2020», «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламаларына қатысушы әрі Қазақстанның индустрияландыру картасына енген «Мұнайаспап» АҚ ұжымымен кездесу өткізді.
Қазір Алматыда ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қ.Келімбетовтың бастауымен Республикалық ақпараттық насихат тобы (РАНТ) жұмыс істеуде. 48 кездесу барысында РАНТ мүшелері баяндамалар жасап, алматылықтардың көкейіндегі сұрақтарға жауап беретін болады. Кездесуге бірқатар министрлер мен тиісті ведомстволардың өкілдері, халық қалаулары мен жергілікті атқарушы органдардың басшылары қала тұрғындарымен, студенттермен, мекеме ұжымдарымен кездеседі.