Алматыда Елбасы Жолдауының іске асырылуы бойынша республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің кезекті кездесуі өтеді

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат - Алматыда қыркүйектің 24-і мен 25-і аралығында Елбасының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты  Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылуы бойынша республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің Әуезов аудандық активімен кезекті кездесуі өтеді,

Алматыда Елбасы Жолдауының іске асырылуы бойынша республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің кезекті кездесуі өтеді

деп хабарлайды аудандық әкімдік баспасөз қызметі.

Топ құрамында - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Нұрымбетов, Ішкі істер вице-министрі А.Әубәкіров және Қазақстан жастар медиаодағының президенті С.Ғалиева бар.

Республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері қалалық №1 клиникалық аурухананың, №4 кәсіптік лицейдің, «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты» ЖШС-ның, Алматы экономика және статистика академиясының және Әуезов аудандық ішкі істер басқармасының ұжымдарымен кездесулер өткізеді.

Әуезов ауданы - Алматы қаласындағы ірі  және халық тығыз қоныстанған аудан.