Алматыда Елбасының төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мәжілісін өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Кеңестің кезекті мәжілісінің тақырыбы - «Қазақстан экономикасын білікті еңбек ресурстарымен тиімді қамтамасыз ету мәселелері» деп аталады. Отырыс аясында Мемлекет басшысының және ҚР Премьер-Министрінің Кеңес құрамына кіретін шетелдік компаниялардың жетекшілерімен екі жақты кездесулер өткізуі күтілуде.
Шетелдік инвесторлар кеңесі кеңесші-консультативтік орган болып табылады. Оның аясында Қазақстандағы инвестициялық қызмет және инвестициялық ахуал мәселелері талқыланады. Кеңестің құрамына 26 ірі шетелдік компаниялар және халықаралық ұйымдар кіреді. Кеңестің пленарлық мәжілісі ҚР Президенті Н. Назарбаевтың төрағалығымен жылына екі мәрте өткізіліп тұрады.