Алматыда Елбасының Жолдауын талдауға арналған дөңгелек үстел өтті

АЛМАТЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Бүгін Алматыдағы демалыс орталықтарының жетекшілері мен онда тәрбиеленіп жатқан жастар арасында Елбасының биылғы Жолдауын насихаттауға арналған дөңгелек үстел өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы демалыс орталықтарының патриоттық тәрбие беру, мемлекеттік тілді, мектепке дейінгі тәрбиені және білім беруді дамыту, жастар арасында салауатты өмір мәдениетін насихаттау жөніндегі мүмкіндіктерін қарастыру іс-шараның басты мақсаты болып табылады.

Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Дәурен Мұхамеджановтың айтуынша, Президент биылғы Жолдауында салауатты өмір салтын насихататуға көп мән берген. Сондықтан оны жастардың арасында кеңірек талқылау мақсатында бүгінгі шараны өткізіп отырғандығын жеткізді. «Өткен аптада «Шұғыла» демалыс орталығында Жолдаудың мемлекеттік тілімізге, патриотизмге қатысты саласын талқылаған болатынбыз. Ал, бүгінгі шара спорт саласына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға байланысты баяндамалар оқып, талдау жұмыстарын жүргізуге арналған. Өйткені Елбасымыз өз Жолдауында айтып өткендей, Қазақстан халқының кемінде 30 пайызы спортпен шұғылдануы керек. Соған байланысты жастарымызды спортқа үгіттеп, келесі жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарына қаламыздағы бүкіл демалыс орталықтарының жастары атсалысады деген ойдамын», дейді Д.Мұхамеджанов.

Аталмыш шараға Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқарма, орталықтандырылған кітапхана жүйесінің өкілдері, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, Алматы қаласы Демалыс орталықтарының жетекшілері қатысты.

Соңғы жаңалықтар