Алматыда электромобильдерге арналған 40 жаңа жанармай құю бекеті ашылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің қаланың бизнес құрылымдарының өкілдерімен кездесуі аясында «AllurGroup» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевпен өзара ынтымақтастық туралы меморандумге қол қойылды.
None
None

Келісімге сәйкес, ЭКСПО-2017 басталуына дейін Алматыда электромобильдерге арналған 40 электрлік жанармай құю бекеті орнатылады. Бұл Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған «жасыл экономикаға» өту тұжырымының негізгі бағыттарының бірі. Сонымен бірге, компания тестілеуден өткізу үшін 30 күн мерзімге әкімдікке үш электромобиль беруді жоспарлауда.

«25 жыл ішінде Алматыдағы көліктер саны үш есеге артты. Қазір қалада 570 мың авто болса, облыста 270 мың көлік бар. Яғни, күн сайын 840 мың авто қалаға кіріп-шығады. Соңғы он жылда мемлекет Алматы көлік инфрақұрылымына 500 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсаған», - деді Бауыржан Байбек.

Әзірге, мегаполис әкімдігі 10 электрожанармай бекетін орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр, сонымен бірге бұрындары орнатылған жеке электрожанармай бекеттері бар.

Соңғы жаңалықтар