Алматыда электросамокат пен мопедтердің жүру ережесін белгілейтін құжат дайындалуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы электросамокат, мопедтерден туындайтын мәселелерді шешу жұмыстарының барысын айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімінің айтуынша, аталмыш мәселеге қатысты Ішкі істер министрлігі заңнамалық өзгерістер дайындауда. Одан бөлек, жаңа техникалық стандарт шықпақ. Қала әкімі егер ол стандарт қабылданса, Алматыда мәслихатта жаңа өзгерістер мен қосымша жаңа акттерді қабылдауға дайын екенін жеткізді.

«Одан бөлек, біз қосымыша жұмыстар істеп жатырмыз. Алматыда бүгінде электросамокаттарды жалға беретін 4 оператор бар. Солармен жұмыс жүргізудеміз. Атап айтқанда, жылдамдыққа лимит қою, тұрақтар, мопед пен электросамокаттардың жүруге және қоюға тыйым салынатын геолокация және т.б. нормалар дайындап жатырмыз. Осы шілде айының соңына дейін оған қол қоямыз», - деді Ерболат Досаев.

Еске салайық, Алматы әкімі бұған дейін өзін самокат қағып кете жаздағанын айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар