Алматыда еліміздегі бірден-бір соя тұздығын шығаратын өндіріс іске қосылды

 АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы кәсіпорны еліміздегі бірден-бір соя тұздығын шығаратын өндірісін іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматыда қала күнін мерекелеу қарсаңында «ЦИН-КАЗ» ЖШС кәсіпорнының еліміздегі  соя тұздығын шығаратын өндірісі іске қосылды. Бұдан басқа, зауыт көкөніс салаттарын дайындайды. Жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорны қолданыстағы өндірісті жаңғырту, автоматтандыру және кеңейту жұмыстарын жүргізгеннен кейін 2 жаңа цех пайдалануға берілді. Мұнда өнімнің қызанақ пастасы, кетчуп, жеміс тоспасы және тұздық секілді барлығы 20-дан астам тауарлар атауымен аталатын түрі бар.

Өндірістің қуаты жылына б 6,3 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы. Бұл Қазақстан нарығының қызанақ пастасына деген сұранысының 50%-дан астам қажеттілігін жабады. Компанияның өнімі Қазақстанның, Ресейдің және Қырғызстанның 42 өңіріне жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар