Алматыда елімізді энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өкілдерінің кездесуі өтті

АЛМАТЫ. 8 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда Қазақстан энергетикалық қауымдастығы (ҚЭҚ) және «АлматыЭнергияҚамту» ЖШС бастамасы бойынша Алматы қаласында қазақстандық энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өкілдерінің (ЭЖҰ) бірінші кеңесі өтті.

Алматыда елімізді энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өкілдерінің кездесуі өтті

Алғаш рет энергия компаниялардың басшылары өз қызметтері бойынша ҚР нарығында жиі кездесетін түйткілді мәселелерді талқылау үшін кездесіп отыр.

Кеңес жұмысына Қазақстанның барлық өңірінен 20-дан астам энергиямен жабдықтаушы компаниялардың өкілдері, оның ішінде «Оңтүстік Жарық» ЖШС, «Ақтөбеэнергияқамту», «Қарағандыжылуқамту», «СолтүстікЭнергоТрэйд», «Жезқазғанэнергияқамту», және басқа да энергетика компаниялары қатысты. Кеңес жұмысына ҚЭҚ, Алматы қаласы бойынша ТМРАД өкілетті органдарының өкілдері қатысуы маңызды болып отыр.

«Осындай кәсібилер кеңесін өткізу - энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың өзекті мәселелерін талқылау және сол үшін арнайы түрде ҚЭҚ аясында секция құрылды. 2011 жылдың жоспарында жүйелі кездесулер мен дөңгелек үстел өткізу алға қойылып отыр, бүгінгі кеңес Алматыдағы осындай ірі іс-шаралардың бірі», - дейді ҚЭҚ ЗТБ директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Жомарт Көшербаев.

«АлматыЭнергоҚамтудың» бас директоры, Михаил Гамбургер бұдан әрі энергиямен жабдықтаушы ұйымдар «бірлесіп өзекті мәселелерді талқылап, шешу үшін» белсенді қарым-қатынас жасау қажеттігін алға тартты.

Қазақстанның электр энергетикасында соңғы уақытта елеулі өзгерістер болып жатқаны белгілі. Электр энергиясын үнемді пайдалану үшін жер-жерлерде сараланған тарифтер енгізілген болатын, ол электр энергиясын есептеу жүйесінде өзгерістер туғызуда.

Сонымен қатар жиын барысында «Электр энергиясын пайдалану ережелеріне», «Коммуналдық қызмет көрсету ережелеріне» өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы, электр энергиясын сатып алу (сатып алу-сату) туралы үлгі-шарттарды әзірлеу, тұтыну-өндіру теңгерімділігін ұйымдастыру бойынша қызметтерді көрсету шығындарын тарифтік сметаға енгізу сияқты мәселелер талқыланды.

Тәжірибе алмасу аясында кеңеске қатысушылар өткен жылы Алматыда ашылған тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығында, сондай-ақ Алматы қалалық жабдықтаушы департаментінің № 6 аудандық бөлімшесінде және Қарасай энергиямен жабдықтау бөлімшесінде болды.