12:57, 08 Сәуір 2010 | GMT +5
Алматыда еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі құрметіне арналған кітап көрмесі өтеді
АЛМАТЫ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда сәуір айының 23-і күні Ұлттық кітапханада «Еуропаға жол - өркениетке жол» атты кітап көрмесі өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұлттық кітапхананың ұйымдастыруымен өтетін көрме «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, ел Президенті Н.Назарбаевтың Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуге кірісуіне арналған.
Көрменің мақсаты - кітапхана оқырмандарын: ғалымдарды, студенттерді, экономика, өндіріс, бизнес менеджерлерін Еуропаның жаңа техника мен технология саласындағы және рухани бай зияткерлік ақпараттық ресурстарымен кеңінен таныстыру.
Аталмыш шара Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры әртістерінің концертімен аяқталады.