Алматыда еліміздің ешбір жерінде кездеспейтін субұрқақ ашылды

АЛМАТЫ. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алматы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Ғ. Мүсірепов атындағы Жасөспірімдер театры мен Республика алаңындағы субұрқақтарды қайта жөндеп, қала тұрғындарына жаңартылған нұсқада ұсынды.
None
None

Субұрқақтардың жұмыс жасауын қамтамасыз ету мақсатында өткізілген мемлекеттік сатып алу жөніндегі ашық конкурсты «Отау Құрылыс ЛТД» ЖШС және «Сұңқар» ЖШС жеңіп алған болатын. Техникалық ерекшеліктер талаптарына сәйкес, Жасөспірімдер театры алдындағы субұрқақты «Отау Құрылыс ЛТД» ЖШС жөндеуден өткізіп, заманауи қондырғылармен жабдықтады. Жалпы атқарылып жатқан жұмыстар «Жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджет қаржысымен қайта жаңартылды.

«Бүгін біз Қазақстанның ешбір жерінде кездеспейтін субұрқақты ашып отырмыз. Мұндағы су экранда суреттер мен бейнебаяндар көрсету мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен бірге, басқа елдердегідей ән ырғағымен билейтін субұрқақтар да жасалған. Бұлардың бәрі құралып келгенде, керемет көріністер жасап, қала көркін арттыра түседі», деді Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы төрағасының орынбасары Марат Кесікбаев. Оның айтуынша, келер жылы тағы да 5 субұрқақ пен 2 өзен және 3 саябақ қайта күрделі жөндеуден өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Бүгінде, Алматы қаласы аумағында 125 жеке тұрған субұрқақ және субұрқақ тобы бар. Оның жартысынан көбі коммуналдық меншікте болса, қалғандары түрлі заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға тиесілі.

Соңғы жаңалықтар