18:37, 29 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Алматыда еліміздің вокалды музыка және аспапты-камералық композиторларының фестивалі өтіп жатыр
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында вокалды музыка және аспапты-камералық Қазақстан композиторларының фестивалі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Мәдениет министрлігінің және "Ахмет Жұбанов қоры" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтіп жатқан фестивалге Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солистері, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық аспаптар оркестрі және Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның мұғалімдері қатысуда.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты - отандық композиторлар мектебін дамыту, жас авторларға қолдау көрсетіп ізденулеріне мүмкіндік жасау.