Алматыда элиталы тұрғын үйлер ыстық сусыз қалды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Медеу және Бостандық аудандарының тұрғындарына ыстық су беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметінен мәлім еткендей, берілген ақпаратқа сәйкес, 10 шілде күні таңғы 9-дан кешкі 18:00-ге дейін Тимирязев - Марков - Шашкин - Әл-Фараби - Достық көшелерінде, «Самал-1», «Самал-2» және «Самал-3» шағынаудандарындағы тұрғындарға ыстық су беру тоқтатылады.
«Коммуналдық қызметтер бойынша уақытша шектеулер жылыту маусымы арасындағы жылу желілерін жөндеу жұмыстарына байланысты болып отыр. Уақытша қолайсыздықтарға түсінікпен қарауларыңызды өтінеміз», - деді «Алматы жылу желісі» АҚ-дан.