Алматыда элиталық жер учаскелері неге бос тұр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі Розыбакиев даңғылындағы жер учаскелерінің неге бос тұрғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Розыбакиев көшесінің бойында бос жер учаскелері көп. Бос тұрған себебі, ол жерлер банктерде кепілдікте тұр. Кепілдік құны тым жоғары», - деді қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы Алтынбек Ахметов.

Оның айтуынша, аталған мүліктердің нарықтық құны кепілдік құнына сәйкес келмейді.

«Розыбакиев көшесі бойынша банктермен, проблемалық несиелер қорымен жұмыс жасап жатырмыз. Нәтиже де жаман емес. Келер жылы ашық аспан астындағы музей салуға кірісетін шығармыз. Жер учаскелерін ауыстыруға келістік», - деді Алтынбек Ахметов.

Соңғы жаңалықтар