Алматыда емдеу мекемелерінің бірінде қабылдау бөлмесінің жаңа ғимараты ашылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың денсаулық сақтау жүйесін дамыту шаралары аясында салынған № 7 №7 қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлмесін аралап көрді,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Медициналық мекемені кеңейту Алматының денсаулық сақтау жүйесін дамытудың жол картасы аясында жүргізілді. Бөлімше барлық заманауи талаптарға сай.
Қабылдау бөлімі қуатты автоном желдету жүйесімен, заманауи емдеу-диагностика жабдықтармен, соның ішінде компьютерлік томография, рентген қондырғысы, УЗИ аппараттарымен жабдықталған. Бұдан басқа, операция залдары, сондай-ақ реанимация және қарқынды терапия палаталары қарастырылған.
Қабылдау бөлімінің жаңа ғимараты барлық санитария және техника нормалары мен стандарттарға сай әрі білікті көмек көрсету үшін медицина персоналы жасақталған. .
Жаңа ғимарат жылына 100 мыңға дейінгі науқасты қабылдайды деп есептелген. Тәулік сайын қалалық клиникалық ауруханаға 300-ден 500-ге дейін пациент жүгінеді. Жылына – 80 мыңнан астам адам, оның 25 мыңға жуығы стационарда емделіп жатыр.

Осының арқасында жоғары мамандандырылған медициналық-диагностикалық көмек алу үшін қадамдық қолжетімділік, сондай-ақ шұғыл және жоспарлы пациенттердің патологияларын ерте анықтау мүмкіндігі қамтамасыз етілді.
Бүгінгі күні Алматының денсаулық сақтау нысандарын жабдықтау көрсеткіші 91,5%. Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің жабдықталуы 100%-ға дейін жеткізілді.

Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасы ықтимал эпидемиологиялық қатерлерге ден қою бойынша елдің ғылыми-медициналық әлеуетін шоғырландыру мақсатында Алматыда инфекциялық аурулардың көпбейінді ғылыми-зерттеу орталығының құрылысы басталды.

Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығының және №2 БҚКА қосымша корпустарының, паллиативтік көмек орталығы бар жаңа онкологиялық орталықтың және Медеу ауданында көпбейінді стационар ғимараттарының құрылысы жүріп жатыр.
Алматы темір жол ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда.


