Алматыда ең қажетті азық-түлікке шекті баға қойылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қала тұрғындарын азық-түлікпен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен 7 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа тұрақтандыру қоры толықтырылады, деді ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қала халқының негізгі азық-түлік тауарларын тұтыну көлемін есепке ала отырып, жергілікті бюджеттен 7 млрд теңге тұрақтандыру қорын толықтыру үшін қарастырылған. Оның 5 млрд теңгесі биыл наурызда бөлінді», - деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының хабарлауынша, әкімдік Отандық ірі тауар өндірушілерімен және сауда желілерімен келісімге келді.
Келісім бойынша 3 ай ішінде тауардың 17 түрі үздіксіз тұрақты бағада жеткізілуі тиіс.
Бұл айналма қаражат әрі қарай сатылуына қарай қажетті тауарларды сатып алу үшін қолданылатын болады. Осылайша, отандық азық-түлік тауарларын өндірушіден тікелей қаланың сауда сөрелеріне жеткізудің анық тізбегі жасалды.
«Қала әкімдігі «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы әлеуметтік маңызы бар 12 түрі бойынша үш айлық қорды қалыптастыру үшін «Magnum Cash & Carry» ЖШС жеңілдікті қайтарымды займ бөлді. Несие алған кезде, сауда желісі тауарды нақты белгіленген бағамен өткізуге қатаң міндеттеледі»,- деді қалалық әкімдіктен.
| № | Атауы | Сөреде 3 ай мерзіміндегі шекті баға тг/кг/қап |
| 1 | ҚАРАҚҰМЫҚ ЖАРМАСЫ КГ | 335 |
| 2 | ТҮТІК КЕСПЕ 1 КГ | 189 |
| 3 | КҮНБАҒЫС МАЙЫ РАФ 5Л | 2168 |
| КҮНБАҒЫС МАЙЫ РАФ 1Л | 432 | |
| 4 | КҮРІШ ЖАРМАСЫ КГ | 273 |
| 5 | ҚАНТ КГ | 210 |
| 6 | АЙРАН 2,5% 925 МЛ | 286 |
| 7 | САРЫ МАЙ 72,5% 1 кг | 2155 |
| 8 | СҮТ 2,5%, 900 МЛ | 221 |
| 9 | СҮЗБЕ 5% 200ГР | 349 |
| 10 | ЖҰМЫРТҚА SMALL 45-55, 10 ШТ | 367 |
| 11 | ТАУЫҚТЫҢ САН ЕТІ, КГ | 799 |
| 12 | ҰН 1 СОРТ (2 КГ) | 422 |