Алматыда енді аула сыпырушылардың мәртебесі көтерілмек
АЛМАТЫ. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Қазір Алматыда көп қабатты тұрғын үйлерде 1 470 аула сыпырушы бар. Бұл бүгін тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық мәселелеріне арналған алқалы жиында айтылды.
«Алматыда қолданыстағы норма мен талдаулар бойынша қазіргі таңда 2,5 мың аула сыпырушы болу керек. Үй аралық аумақтың 40 пайызында аула сыпырушылар қызмет жасамайды. Бұл мәселе алдағы уақыта жан-жақты талданып, аула сыпырушыларды ынталандыру үшін ұсыныстар жасалмақ», - дейді қала әкімнің орынбасары Ербол Шорманов. Оның айтуынша, бұл мамандықтың беделін көтеріп, еңбек ақыны көбейту сияқты шараларды қамтымақ. Өйткені бүгінгі таңда қалада 1 мыңға жуық аула сыпырушы жетіспейді.