Алматыда энергетика мен коммуналдық шаруашылыққа биыл 62,4 миллиард теңге жұмсалады

АЛМАТЫ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда энергетика мен коммуналдық шаруашылыққа биыл 62,4 миллиард теңге жұмсалады. Бұл бүгін Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан - дамуға» деп аталатын биылғы Жолдауын талқылауға арналған қала активінде айтылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Оның 18,6 миллиарды республикалық, ал 3,1 миллиард теңгесі жергілікті бюджеттен бөлініп отыр. Бұдан бөлек кәсіпорындар өз қаржыларынан 40,7 миллиард теңге жұмсамақ. 2011 жылы Қысқы Азия ойындары өтетін нысандардың және метрополитеннің электрмен жабдықталуын қамтамасыз етуге ағымдағы жылы республикалық бюджеттен құрылысы жүріп жатқан 6 кіші стансыға 7,2 миллиард теңге бөлінген», дейді қала әкімінің орынбасары Ербол Шорманов. Оның айтуынша, электр желілерін жөндеуге мемлекеттік бюджетте 600 миллион теңге қарастырылып отыр. Жоспарлы бұл шара тұтынушыларды электрмен қамтамасыз етуді жетілдіруге мүмкіндік береді. Биыл республикалдық бюджеттен ЖЭО-2 мен ЖЭО-1 арасын байланыстыратын жылу магистралінің құрылысын жалғастыруға 5 миллиард теңге бөлініп отыр. 9,4 шақырымдық магистраль мен 20 шақырымдық жылу тарату желісін қайта жаңартуға бөлінген қаражаттың көлемі де 5 миллиард теңгені құрайды. Онда сондай-ақ, ЖЭО-2 жылу қуатын қабылдау үшін ЖЭО-1 жаңарту жұмысын жүргізуге де 700 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген.
Соңғы жаңалықтар