Алматыда энергожабдықтарды жөндеуге 4 млрд теңге жұмсалмақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда энергожабдықтарды жөндеуге 4 млрд теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«АлЭС» АҚ алдағы жылыту маусымына дайындық барысында энергетикалық жабдықтарды жоспарлы жөндеуден өткізуге, қазандықтарды жеткілікті отын қорымен қамтамасыз етуге техникалық шаралар жүргізіп жатыр.

Атап айтқанда, «KEGOK» АҚ операторы белгілеген  ЖЭС-1, ЖЭС-2, ЖЭС-3, Батыс Жылу кешені, Қапшағай ГЭС-і, Каскада ГЭС-і нысандарында 69 жабдық, 20 энергетикалық қазандық, 13 турбоагрегат, 19 су жылытатын қазандық, 17 гидроагрегат жөндеуден өтеді.

«Энергетикалық жабдықты жөндеуден өткізуге 4 млрд теңге жұмсалады. Қазіргі таңда қажетті жабдықтар мен бөлшектерді сатып алуға, қызмет алуға келісімшарттар жасалып қойған. Сондай-ақ, 59 жабдық, яғни барлық қордың  86 пайызы  жөнделді. Ал қалған 6 жабдық қазір жөндеуге жабылды. Бұл барлық құралдардың 9 пайызын құрайды», - деді «АлЭС» бас инженері, басқарма төрағасының орынбасары Ғазий Исмухамбетов.

Соңғы жаңалықтар
Референдум