Алматыда эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді - Бақытжан Сағынтаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мегополисте эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» теларнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді - Бақытжан Сағынтаев

Алматылықтардың сұрақтарына жауап берген шаһар басшысы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанын айтты. 26 тамыздағы мәлімет бойынша, КВИ-дің 14 129 оқиғасы тіркелген, 12 647 адам (89,5%) емделіп шықты, тәулік ішінде 56 адам сауықты.

«COVID-19 жұқтырған 589 науқас стационарларда ем алып жатыр. Жалпы қуат - 5871 төсек-орын. Оның 10,2% бос емес. 5 192 (89,8%) төсек-орын бос тұр. Біз апта сайын жағдайдың жақсарғанын байқап отырмыз», – дейді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, ол қалада 400 мыңнан астам адамға ПТР тест жасалғанын атап өтті.