Алматыда ер адам өзінің танысын қасақана өртеп, жанып кеткенше есікті ашпай қойған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өзінің танысын қасақана өртеп, жанып кеткенше есікті ашпай қойған ер адам сотталды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Диас Махамбетов мәлім етті.
None
None

Сот материалдарына сәйкес, ер адам өзінің танысымен бірге бір дүкенде жұмыс жасаған. Кейін екеуі жанжалдасып қалады. Кектенген ер адам танысын ұйықтап жатқан кезінде бетіне сұйық химиялық зат шашып жіберген. Содан соң от тұтатып, есікті сыртынан бекітіп ашпай қойған.

Салдарынан әлгі жігіт сол жерде ажал құшты.

«Алматы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыны ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі бойынша айыпты деп тауып, 15 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ», - деді Д.Махамбетов.

Соңғы жаңалықтар