Алматыда ер адам өзінің танысын қасақана өртеп жіберді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өзінің танысын қасақана өртеп, жанып кеткенше есікті ашпай қойған ер адам сотталды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Диас Махамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда ер адам өзінің танысын қасақана өртеп жіберді

Сот материалдарына сәйкес, ер адам өзінің танысымен бірге дүкенде жұмыс жасаған. Кейін екеуі жанжалдасып қалады. Кектенген ер адам танысын ұйықтап жатқан жерінен бетіне сұйық химиялық зат шашып, от қойған. Сосын есікті сыртынан бекітіп ашпай қойған.  Оқиға салдарынан өртенген жігіт опат болды.

«Алматы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыны ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі бойынша айыпты деп тауып, 15 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ», - деді Д.Махамбетов.