Алматыда ер адам пойыздың астына түсіп мерт болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ер адам пойыздың астына түсіп мерт болды. Бұл туралы Семиреченск көлік прокуратурасынан хабарланды. 

Алматыда ер адам пойыздың астына түсіп мерт болды

«Таңертең Медеу-Алматы темір жолында Новосібір-Алматы бағытындағы №301 жолаушылар пойызы жедел тежегішті қосуға мәжбүр болды. Анықталғандай, пойыз өз жолында 40-45 жастар шамасындағы ер адамды қағып кетті. Ауыр жарақаттан ер адам сол жерде қаза болды», - деді прокуратура өкілдері.

Құзырлы органдар оның кім екендігін анықтап жатыр. Төтенше жағдайдың салдарынан пойыз 25 минутқа бөгелді.

Аталған дерек полиция қызметкерлері тарапынан тергеуге алынды.