Алматыда ер адамды атып кеткен күдікті ұсталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Байзақов көшесінде ер адамды атып кетті, ол оқиға орнында көз жұмды. Ақпаратты қалалық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматы қаласы Полиция департаменті аңшылық шолақ мылтықпен өзіне аса таныс емес адамды атып өлтірген 1991 жылы туған И. есімді күдіктінің ұсталғанын хабарлайды. Алдын ала белгілі болғандай, екі ер адам арасында туындаған жанжал салдарынан біреуі қару қолданған», - деп хабарлады ведомстводан.
Айта кетейік, оқиға орнынан жасалған фотосуреттер әлеуметтік желіде тараған боалтын.