Алматыда «Ер Төстік» қазақ балалар балетінің тұсаукесері өтті

АЛМАТЫ. 7 наурыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - ҚР Тұңғыш Президенті қорының қолдау көрсетуімен 5 наурызда «Ер Төстік» қазақ балалар балетінің тұсаукесері өтті.

Алматыда «Ер Төстік» қазақ балалар балетінің тұсаукесері өтті

Балет либреттосы, оның әуені және хореографиялық мәтіні қазақ ертегісі «Ер Төстік» сарынымен үндесіп жатыр.

«Ер Төстік» балетіне А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің 100-ден астам барлық жастағы оқушысы жұмылдырылған.

Тұсаукесерге Алматы қаласы және Алматы облысының балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының 300-ден астам тәрбиеленушілері келді.

Жаттықтырушылардың айтуынша, іс-шараның мақсаты - балғын ұрпақты рухани-адамгершiлiкке баулу, ұлттық хореографиялық өнердi, сонымен бiрге зерек балалардың өнерiн насихаттау.