Алматыда «Erasmus Mundus» жобасы өкілдерінің жиыны өтуде
АЛМАТЫ. Қазанның 13-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін ҚазҰАУ-де «Erasmus Mundus», «Сыртқы ынтымақтастық терезесі LOT9» жобасының серіктестері жиын өткізіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Екі күн болатын жиынға «Темпус» бағдарламасының және Қазақстандағы Британ Кеңесінің өкілдері қатысуда. Жобаның негізгі мақсаты Орталық Азия жоғары оқу орындарының модернизациялау қабілеттілігін арттыру.
Жиынға қатысушылар оқытушылар мен студенттердің серіктес оқу орындарында өзара алмасу мәселелерін көтерді. Аталмыш жобаға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан елдерінің 20-ға жуық оқу орындары қатысуда.
«Жоба оқытушылар мен студенттердің басқа елдерде білім, ғылым және технология салалары бойынша екінші мамандық алуларына септігін тигізеді», дейді жиынды ұйымдастырушылар.