01:52, 10 Мамыр 2012 | GMT +5
Алматыда ерекше поэзия кеші болады
АЛМАТЫ. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда ертең, 11 мамыр күні Әдебиетшілер үйінде поэзия кеші өтеді.

Бұл жолы ақындар өз өлеңдерін оқып қана қоймай, оқырмандарына басқа да шығармашылық қырларымен көрінбек. Бұдан бұрын кештің ажарын ашып, әнмен көмкеру үшін негізінен белгілі эстрада жұлдыздары мен дәстүрлі ән өнерінің майталмандары арнайы шақырылатын. Алайда қазақтың қара өлеңін төрге оздыратын бұл шараға қатысатын аға буын мен кейінгі жас буын қалам иелерінің арасында әншілермен таласқа түсе алатын таланттары да аз емес. Оған Жарас Сәрсек, Маралтай Райымбекұлы, Бақыт Беделхан сынды ақындарды мысалға келтіруге болады. Олардың домбырамен әуелете ән шырқап, күмбірлете күй төгетін өнерлерін қарапайым оқырман біле бермейді. Сол сияқты өзге де қазақ ақындарының арасында күйші, биші, суретші секілді өнер иелері жеткілікті.