Алматыда ерікті халық жасақтары қайта түлеуде

АЛМАТЫ.  7 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда ерікті халық жасақтары қайта түлеуде.
None
None

Жақында Алматы қалалық ІІД-нен 50 студент пен Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің қауіпсіздік қызметкерлері арнайы оқыту курстарынан өтіп және емтихан тапсырып «Қоғамдық полиция көмекшілері» куәлігін  алды. Оқыту бағдарламасына - қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша заңнаманы білу мен  өзін-өзі қорғау бойынша практикалық сабақтар кірді.

Қазіргі уақытта полиция көмекшісі болуға ҚазЭУ-нің 80 студенті дайындалуда. Жыл сайын Алматыда ерікті халық жасақтары қатарына  120 адамды дайындау көзделуде. Ондай шаралар мен полиция қызметкерлерімен бірлесе жұмыс істеу студент жастар арасындағы тәртіпті арттыруға, сондай-ақ қаладағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ықпал етпек.

Ерікті халық жасақтары қызметі заңды қатаң ұстануға негізделген. Жасақтар алдағы уақытта  ішімдік, бұзақылық, ұрлық, балалардың қаңғыбастығы сынды мәселелермен күресетін болады.

Соңғы жаңалықтар