Алматыда Еркін күрес қауымдастығының кубогы мен Әбілсейіт Айхановтың жүлдесі үшін республикалық турнир өтеді

АЛМАТЫ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда шілденің 17-20 күндері қалалық Еркін күрес қауымдастығының кубогы мен  Әбілсейіт Айхановтың жүлдесі үшін «Оңтүстік астана» деп аталатын 6-шы республикалық турнир өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласының еркін күрес құрамасының бас бапкері Жұмабек Жарқынбаевтың айтуынша, дәстүрлі бұл жарыста биыл алғаш рет даңқты қазақ балуаны Әбілсейіт Айхановтың жүлдесі сарапқа салынбақ. Аса ауыр салмақта белдескен   Ә.Айханов   «Құрмет белгісі» орденінің иегері, профессор, КСРО спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Одақ және өзге де түрлі халықаралық турнирлердің жеңімпазы.  Өткен жылы балуанның 70 жылдығына орай Талдықорғанда Ә. Айхановтың жүлдесі үшін Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылған болатын. Биыл бұл дүбірлі додаға  халықаралық дәрежедегі төреші Түсіпхан Сайханов бастаған қазылар алқасы төрелік жасамақ.

Соңғы жаңалықтар