10:21, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
Алматыда «Еркін пікір» жастар пікірталас клубы құрылды
АЛМАТЫ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматыда «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанатының жанынан «Еркін пікір» пікірталас клубы құрылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Пікірталас орталығының бағыттары мен міндеттерін таныстыру мақсатында өткізілген дөңгелек үстелде бірқатар жастар ұйымдары бас қосты. Соның ішінде «Жас Отан» ЖҚ, Қазақстан жастарының конгресі, Қазақстан студенттерінің альянсы, «Жасыл ел», «Болашақ» РҚ, «Қазақстан жастарының одағы» және ЖОО-ның өзін өзі басқару органдарының көшбасшылары бар. «Еркін пікір» клубында бүгінгі талқыға түскен алғашқы тақырып «Қазақстанның жастары және патриотизм» деп аталды. Жастар осыған қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.«Клубты құрудағы басты мақсат ? жастардың бойындағы барлық көшбасшылық, зияткерлік қасиеттерін ұлт мәселесін шешуге жұмылдыру, олардың қоғамдағы халықты алаңдатып жүрген көкейкесті сауалдардың ең дұрыс шешімін тауып, заман талабына сай саналы ой, салиқалы түйін түйе білуіне жағдай жасау», - дейді «Жас Отан» Жастар қанаты Алматы филиалының атқарушы хатшысы Бақытжан Нарымбетов.