Алматыда Esentai Mall жаңа сауда орталығы ашылды

АЛМАТЫ. 20 қазан. ҚазАқпарат - Алматыда Esentai Mall жаңа сауда орталығының салтанатты ашылуы өтті, оған қала әкімі Ахметжан Есімов қатысты.
None
None

Ол соңғы жылдары оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы үшін салынып жатқан сауда-ойын-сауық орталықтары, тұрғын үй кешендері және басқа да инфрақұрылым нысандарының арқасында мегаполис заманауи сипатқа ие болып жатқанын атап өтті.

Жаңа нысан алты сауда қабатынан және үш қабатты паркингтен тұрады. Коммерциялық ауданы 52 000 шаршы метрді құрайды. Esentai Mall - «люкс» және «премиум» класындағы тауарлар мен орта санаттың негізгі брендтері үйлесім тапқан Қазақстандағы жалғыз жоба. Сауда үйінде түрлі санаттардағы 160 әлемдік брендтер ұсынылады, бұл ретте маркалардың көптеген бөлігі Орталық Азия аймағында алғаш рет ұсынылады.

Сауда орталығына күн сайын орташа алғанда 15 мыңнан 20 мыңға дейін сатып алушылар келеді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар