Алматыда Есентай өзенінің жағалауында жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда Есентай өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстарын қорытындылауға байланысты баспасөз-туры өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Есентай өзенінің жағалауында су бөлгіштен Жамақаев көшесіне дейінгі аралықта жаңа форматтағы қоғамдық кеңістік құру бойынша жұмыстар аяқталуға жақын, ұзындығы 4,2 шақырым жаяу жүргіншілер жолы жасалып, өзеннің жағалауы бекітілді.

«Абаттандыру жобасы табиғи ландшафты сақтай отырып, қалалықтардың жайлы демалысына жағдай жасауға бағытталған болатын. Мұның негізінде заманға сай инфрақұрылымды табиғатқа барынша зиян келтірмейтіндей етіп жасау идеясы жатыр», – деді баспасөз-туры барысында Алматы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының бөлім жетекшісі Мұрат Жексенбаев.

Сондай-ақ абаттандыру жұмыстары аясында ұзындығы 1,3 шақырым ағаш қоршау және тіреуіш қабырға орнатылды.

«Сонымен қатар, 600-дей қылқан жапырақты және жапырақты ағаш, 3500-ден астам бұта және шамамен 700 шаршы метр көпжылдық және 100 шаршы метр біржылдық өсімдіктер отырғызылды. Бұдан бөлек, 339 жарық шам, 8 ойын алаңы мен спорт алаңы, 4 табиғатты тамашалау алаңы мен пандустар, 4 пергола, 2 модульдік дәретхана, су жағасына 10 орындық, 130 қоқыс жәшігі және жағалау бойына 70 орындық қойылды»,- деп атап өтті спикер.


Соңғы жаңалықтар