Алматыда есірткі құралдарын жою акциясы өтті

АЛМАТЫ. 5 қараша. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Қазақ-Американ университетінің аумағында есірткі құралдарын жою акциясы болып өтті.

Алматыда есірткі құралдарын жою акциясы өтті

Оны Алматы қалалық ІІД ЕБҚКБ мен университет қызметкерлері Үкіметтің №1017 қаулысы бойынша Ережеге сәйкес бірлесе ұйымдастырып отыр. Оған Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес әкімшілігінің өңірлік директоры Джон Дадлимен бірге, қалалық әкімдік пен «Нұр Отан» ХДП, қоғамдық ұйымдар өкілдері және университеттің ұстаздары мен студенттері қатысты.

Акция барысында есірткі құралдарын ЖҚАЖ қызметкерлері күзетпен алып жүрді Сонымен қатар, Алматы қаласы ІІД қызметкерлерінің арнайы көрсетілімі және студенттердің шағын концерттік бағдарламасы қойылды.