Алматыда есірткі шегіп және мас күйінде қылмыс жасайтындар саны 7 пайыздан астам азайды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда биыл есірткі шегіп және мас күйінде қылмыс жасайтын адамдар саны 7 пайыздан астам азайды,

Алматыда есірткі шегіп және  мас күйінде қылмыс жасайтындар саны 7 пайыздан астам азайды
деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазіргі учаскелік инспекторлардың есебінде 23 942 адам тіркеуде тұр. Биыл олар 671 қылмысты ашып, 13 мыңнан астам тәртіп бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Азаматтардың 7 мыңға жуық арыз-шағымын қарады. Оның 2 мыңын отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы шағымдар құрап отыр. Жаңадан есепке алынғандар саны 1800 адам болды. Олардың 349-ы бұған дейін істі болғандар болса, 755-і маскүнем, 188-і нашақор, 498-і отбасылық жанжалқойлар. Сондай-ақ 146 азамат инспекторлардың көмегімен күштеп емделуге жіберілді.