Алматыда есірткі жарнамалайтын 3,8 мың интернет-ресурс бұғатталды

 АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Полицейлер жергілікті билікпен бірлесіп 2 мыңға жуық есірткі таратушылардың электронды мекенжайлары жазылған жазбаларды жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда есірткі жарнамалайтын 3,8 мың интернет-ресурс бұғатталды

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, жүйкеге әсер ететін заттарды және есірткілерді жарнамалайтын және өткізетін 3,8 мың интернет-ресурс бұғатталды. Жүйкеге әсер ететін заттардың граффити - жазбаларн жазған Алматы қаласы колледжінің үш студентінің әрқайсысына 48 мың теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.

Естеріңізге саламыз, бұған дейін ұқсас құқықбұзушылық жасағаны үшін Петропавл қаласының тұрғыны әкімшілік жауапқа тартылып, оған қатысты 180 мыңнан астам сомаға айыппұл салынған болатын.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен және пәтер иелері кооперативтерінің өкілдерімен (ПИК) бірлесіп, елді мекендерде есірткі таратушылардың электронды мекенжайлары жазылған 1,8 мыңнан астам жазбаны анықтап, жойды.

Осы аралықта ІІМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жүйкеге әсер ететін заттар мен есірткі құралдардын жарнамалайтын және өткізетін 3,8 мыңға жуық интернет -ресурсты анықтап, бұғаттады.

Осыған дейін Алматы облысына 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылатындғы туралы жазғанбыз.