Алматыда есірткіге елтіп рульге отырған автобус жүргізушілері ұсталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол полициясының инспекторлары таңертең 52-ші бағыттағы қоғамдық көлікті тоқтатқан. Тексерістер нәтижесінде оның жүргізушісінің есірткіге елтіп алғаны анықталған. «ТрансСервис» ЖШС-на қарасты автобус жүргізушісін тексергенде, оның құжаттарында 06.35-те техникалық және медициналық тексеруден өткені туралы жазылғаны анықталды. Автобус жүргізушісі мен оны рейске жіберген тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады», дейді Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Мұқан Досымбаев.
Дәл осы күні 45, 130-ші бағыттағы автобустың жүргізушілері де есірткі шеккен күйінде ұсталған. Автобустар айыппұл тұрағына қойылып, жүргізушілер мен жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.