Алматыда «Ескерткіш» деп аталатын жаңа кітап жарық көрді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыдағы «Қазығұрт» баспасынан түркістандық журналист, жазушы Есжан Айнабековтің «Ескерткіш» деп аталатын кітабы шықты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оған Е. Айнабековтің жырлары, әңгімелері, пьесалары, ертегілері мен мақалалары және арнау өлеңдер мен естеліктер топтастырылып отыр. Кітапты жүйелеп, баспаға әзірлеген марқұмның жұбайы Шәкизада Мырзалиева. Е. Айнабеков әдебиет өлкесіне ат басын ерте бұрған тума таланттардың бірі болатын. Сексенінші жылдардың басында республикалық баспасөзде жарық көрген тырнақалды туындыларының өзімен-ақ аға буын қаламгерлердің назарына ілікті. Қалихан Ысқақов, Дулат Исабеков, Ақселеу Сейдімбеков сияқты ірі жазушылар Есжанның шығармалары туралы жылы пікір білдірді. Қазығұрт» баспасының директоры Темірғали Көпбаевтың айтуынша, Е. Айнабеков аз жазса да саз жазған жазушы. Өкінішке орай, аса талантты қаламгердің өмірі де қысқа болды. Бұл жинаққа жазушының артында алған мұрасы толық енгізіліп отыр.
Соңғы жаңалықтар