Алматыда ескерту жарияланды
АЛМАТЫ. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қала әкімдігінің жанындағы «Алматы қалалық құтқару қызметі» МҚКК «Қазгидромет» РМК-ның ағымдағы жылдың 19 желтоқсанындағы ескертуіне назар аудартады.
Осылайша, 20-21 желтоқсан күндері төменгі температураға байланысты Алматы облысындағы жекелеген таулы өзендерде сеңнің тоқтауы, су деңгейлерінің көтерілуі мүмкін.
Құтқарушылар төтенше жағдайлар қаупі жағдайында тұрғындарды 109 және 112 телефон нөмірлері бойынша хабарласуларын сұрайды.