Алматыда «Eurasian PR event» дәстүрлі халықаралық конференциясы өтеді

АЛМАТЫ. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда қазанның 30-31 күндері  «Жаңа коммуникациялық кеңістік. Шақырулар, шешімдер, трендтер»  атты  «Eurasian PR event» дәстүрлі халықаралық конференциясы өтеді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоба авторы және бастамашысы - «Ренессанс» коммуникативтік менеджмент агенттігі. Биыл 7-ші рет өткелі отырған  дәстүрлі  бұл конференция  жыл сайын PR нарықтың әртүрлі салаларының  дамуына арналады.  Оның пленарлық мәжілісі осы жолы «Қоғам үшін өзгеріс уақыты, тұлға, бизнес және  PR. Жаңа коммуникациялық кеңістік» деген тақырыппен өтпек. Ал секциялық мәжілістер - «Сәтті тәжірибелер. Дағдарыстағы даму», «Сәтті тәжірибелер. Дағдарыстағы шешімдер»  деген тақырыпта жүреді.  Конференция бағдарламасында ««PR+жарнама+маркетинг=?» деген пікірсайыс клубы мен ««PR шағын және орта бизнес үшін. Нені білу және істеу қажет?» деп аталатын дөңгелек үстел жиыны және түрлі семинарлар, тренингтер, шеберлік дәрістері де жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар