Алматыда ЕурАзЭҚ елдеріндегі даму мәселелері туралы конференция өтті

Онда ғаламдық экономикалық үдерістердің ЕурАзЭҚ елдеріне әсері, ықпалдастық ағымдары мен аймақтағы көші-қон және жұмыспен қамту мәселелері басты назарда болды.
«Конференция екі даму институтының 2011 жылғы жұмысын қорытындылап, 2012 жылғы ынтымақтастық жоспарын белгіледі. Дүниежүзілік банк ғаламдық даму институты болса, Еуразия даму банкі - жылдам дамып келе жатқан аймақтық қаржы институты", - дейді Еуразия даму банкінің (ЕДБ) Басқарма төрағасының орынбасары Сергей Шатов.
Жалпы бұл шара Дүниежүзілік банк пен Еуразия даму банкінің арасындағы 2011-2013 жылдардағы ынтымақтастық туралы келісім аясындағы жоспарды жүзеге асыруға сәйкес ұйымдастырылып отыр. Екі тараптың арасында қазан айында қол қойылған бұл келісімде 4 бағыттағы шаралар жоспары қамтылған болатын. Олар - Еуразия даму банкіне қатысушы-мемлекеттердегі экономикалық ахуалды болжау және талдау барысындағы үйлестіру. Айтарлықтай дағдарысқа қарсы әлеуеті бар жобаларды, әсіресе инфрақұрылым мен энергетика саласындағы бірлесіп әзірлеу мен жүзеге асыру. Сауда, инвестиция және еңбек ресурстары көші-қоны салаларындағы аймақтық ынтымақтастықты қолдау. ЕурАзЭҚ-тың Дағдарысқа қарсы қорының әлеуетін нығайту. Макроэкономикалық мониторинг және модельдеу, елдің қарыздық тұрақтылығын талдау, мемлекеттік қаржыны басқару, жобаларды бағалау және мониторинг, сатып алуды жүргізу әдістері мен тәртібі, табиғатты қорғау саласындағы стратегиялық шаралар және жобаларды жүзеге асыруда халықты әлеуметтік қорғау шаралары.