Алматыда Еуразия аумағындағы ревматалогтардың тұңғыш конгресі өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанда былтыр ревматологтар саны 2 есе өсті. Бұл туралы  бүгін Алматыда өтіп жатқан ревматологтардың І Еуразиялық конгресінде айтылды.

Алматыда Еуразия аумағындағы ревматалогтардың тұңғыш конгресі өтіп жатыр

«Алғашқы конгреске 15 мемлекеттің бас ревматологтары мен ғалымдары қатысуда. Олар бұл басқосудан кейін арнайы Қарар қабылдайды. Қазір Қазақстанда ревматалогия саласында үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Жер-жердегі денсаулық сақтау мекемелеріндегі  ревматлогтардың  кабинеттері көбейіп ауруды ертерек анықтап, оған ем-дом қолдану дұрыс жолға қойылды», - дейді ҚР Бас ревматологы Ғалымжан Асылбеков. Буын аурулары институтының бас директорының айтуынша,  Еуразия аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бұл жиын 2 жылда бір рет өтпек. Ол Қазақстанда енді 12 жылдан кейін  ғана өтеді деп жоспарлануда.