Алматыда «еуро-2» стандартына сәйкес келмейтін көліктердің жүруіне тыйым салынады

АЛМАТЫ. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда енді «еуро-2» стандартына сәйкес келмейтін көліктердің жүруіне тыйым салынады.

Алматыда «еуро-2» стандартына сәйкес келмейтін көліктердің жүруіне тыйым салынады
Бұл жайлы бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов Елбасының өткен аптада қала активінде алға қойған міндеттерін орындауға байланысты өткен алқалы жиында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Алматыда «еуро-2» стандартына сәйкес келмейтін көліктердің жүруіне тыйым салынады. Мемлекеттік жол инспекциясымен бірлесіп енді бұл талапқа сай келмейтін сырттан келетін көліктердің кіруін тоқтату қажет. Жүк көліктерінің де орталық аудандардағы қозғалысын шектеуіміз керек», - деді А. Есімов. Оның айтуынша, құзырлы органдар Түркісіб, Медеу, Жетісу, Алатау сияқты жеке секторы басым аудандарда тұрғындардың улы заттар бөлетін көлік дөңгелектері мен өзге де зиянды отындарды жағуына тыйым салуы тиіс. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сапасыз жанар-жағармай сатып, улы заттарды отқа жағуға қатысты бұл талаптарды бұзғандарға қатаң шаралар қолданып, айыппұл салу керек.