Алматыда Еуро-5 стандартындағы 50 жаңа автобус жолға шығады

Алматыда қоғамдық көліктің жылжымалы құрамын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек тасымалдаушы «Green bus company» ЖШС сатып алған жаңа автобустарды қарап шықты. Алматының Көлік холдингі орталық диспетчерлік басқармасының мәліметі бойынша қыркүйек айында №50,112,126 бағыттарындағы көліктің қатынау жиілігі 56%, 24% и 56% -ды құраған, соның салдарынан тұрғындардан шағымдар да көп түскен. Осыған орай, Yutong маркалы 50 жаңа автобус аталған бағыттардағы олқылықтардың орнын толтыратын болады. Ал босаған автобустар №120,135,63,118,38,45,18,92,30,32 бағыттары бойынша бөлінеді.
Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов «Алматыэлектротранс» ЖШС биылғы жылдың қазанынан желтоқсанға дейін 297 автобус сатып алуды жоспарлап отырғандығын жеткізді. Қазірдің өзінде «ЛИАЗ» маркалы 20 автобус жеткізілді, 13 қазанда Мәскеуден 20 автобус жолға шыққан, тағы 20 автобус 16 қазанда келеді, қалғандары кезең бойынша тасымалданады. Барлық автобустар кондиционерлермен жабдықталған, қаланың бренбукі бойынша бір стильде әрленеді.
Бұлардан өзге, жеке тасымалдаушылар 254 автобус алуды жоспарлауда, олардың 60-ының сыйымдылығы орташа, қалған 194-і үлкен. Тасымалдаушы компаниялар «БаТу трэвел» ЖШС, «АвтоАлма-Транс» ЖШС, «Мадина» ЖШС, «Талап Т»ЖШС, «Самат Транс» ЖШС, «Green bus company» ЖШС-нің жаңа автобустары биылғы жылдың қазан айынан 2018 жылдың сәуір айына дейін келе бастайды.
Айта кетерлігі, «Алматы-2020» қалалық даму бағдарламасының басты қағидаларының бірі - қоғамдық көлікті реформалау, соның барысында көліктер жаңаруда.
Аталған бағдарламада Қоғамдық көлікті дамыту жолдардағы кептелістерді азайтуға, қалалықтардың уақытын және көлікке, инфрақұрылымға арналған шығындарды үнемдеуге әкеледі. 2020 жылы қоғамдық көліктің үлес салмағы 32 %-дан 50 %-ға дейін өсетіні ол үшін бірінші кезекте жеке көлікпен салыстырғанда қоғамдық көліктің тартымдылығын арттыру қажет екені айтылған.
«Дамыған елдердің тәжірибесіне сәйкес ынталандыру шаралары қолданылады (айрықша автобус жолақтарының санын көбейту, серіктес қалалар мен көлік қатынасын ұйымдастыру, метроны дамыту және т.б.) және шектеу шаралары (ақылы тұрақтар енгізу, теңгермелі тарифтер және т.б.)», -делінген болатын бағдарламада.