Алматыда эзотериялық әдебиет баспасы ашылады

АЛМАТЫ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Қазақ тілінде тұңғыш эзотериялық әдебиет баспасы ашылады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тәуелсіз басылымдар редакторларының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Жангелді Естенбаевтың айтуынша, бұл жобаны «Жан» және «Арыс» баспалары бірлесіп қолға алып отыр.

«Соңғы мәліметтерге қарағанда, елімізде 800-ден астам баспа ұйымдары мен 700-ге жуық полиграфия кәсіпорындары жұмыс істейді екен. Олардың 80 пайызы көркем әдебиет шығарса, қалған бөлігі түрлі сала, тақырыптардағы кітаптарды басып шығарады. Алайда кітап нарығында Ресейлік баспа өнімдерінің басым түсіп жатқаны жасырын емес. Өйткені қазақ тіліндегі танымдық дүниелерді бір ізге салу, жүйелеу жоқ» дейді Жангелді Естенбаев. Оның айтуынша, жаңа баспа осы олқылықтың орнын толтырып, адам жанының құпия-сырларына терең үңілу, оккульттік ғылымдардың, шығыс ілімдерінің, қазақтың наным-сенімдерінің түп негіздерін жарыққа шығармақ. Бұл ретте алдағы уақытта «Тылсым дүние», «Қазақтың ырымдары» серияларымен кітаптар жарық көретін болады. Сондай-ақ алдағы уақытта баспа жанынан ғылыми-зерттеу орталығы да ашылмақ.

Соңғы жаңалықтар