Алматыда Fight Nights Global 86 турниріне қатысатындар көз түйістірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда М. Горький атындағы орталық саябақта аралас жекпе-жектен Fight Nights Global 86 халықаралық турнирінің қатысушылары салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.
Ең бірінші болып грепплингтен АDCC ережесіне сәйкес кездесу өткізетін спортшылар шығып көз түйістірді. Олар Юсуп Саадулаев (Ресей) - Хабибула Мансұр (Қазақстан) - 65.9 кг, Нартай Қажеков (Қазақстан) - Расул Тезикбаев (Қырғызстан) - 65.9 кг, Бекир Бариев (Қазақстан) - Арсен Шапиев (Ресей) - 98.9 кг және Ержан Естанов (Қазақстан) - Расул Мирзаев (Ресей) - 65.9 кг. Артынша халық асыға күткен ММА сарбаздары да салмақ өлшеу рәсімдерін бастап кетті.
Никита Балтабаев (Қазақстан) - Жұман Жұманбеков (Қазақстан) - 61.2 кг, Никита Михайлов (Ресей) - Сәбит Жүсіпов (Қазақстан) - 61.2 кг, Мұратбек Қасымбай (Қазақстан) - Ренат Ондар (Ресей) - 65.8 кг, Артур Магомедов (Ресей) - Руслан Серіпқұлов (Қазақстан) - 65.8 кг, Николай Цыганков (Ресей) - Жасұлан Әкімжанов (Қазақстан) - 65.8 кг, Нариман Аббасов (Әзербайжан) - Әділ Боранбаев (Қазақстан) - 70.3 кг, Георгий Лобжанидзе (Грузия) - Дәурен Ермеков (Қазақстан) - 83.9 кг және де осы кештің басты кейіпкерлері Жалғас Жұмағұлов (Қазақстан) пен Тайсон Нэм (АҚШ) - 56.7 кг.
«Мен өзім тек жеңіске жетемін деп ойлаймын. Менің қарсыласым өзінің мықты екендігін дәлелдеді, бірақ мен де осал емеспін. Тек соңына дейін айқасатын боламын», - дейді Жалғас Жұмағұлов.
Еске сала кетсек, бүгін Almaty Arena спорт кешенінде аралас жекпе-жектен Fight Nights Global 86 турнирі өтеді. Ол кешке сағат 17:00-де басталады. Бұл кеште жалпы саны 12 айқас өткізіледі.