Алматыда фильм түсіріліміне байланысты бірқатар көше жабылады
АЛМАТЫ. Алматыда түсірілім жұмыстарына байланысты бірнеше көше уақытша жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы әкімдігі тартақан мәліметке сәйкес, мегаполисте мына көшелер жабылады:
- 15 қаңтар күні сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін – Жібек жолы көшесі, Бұзырбаев көшесінен Горький атындағы саябаққа дейін жабылады;
- 16 қаңтарда сағат 19:00-ден 02:00-ге дейін – Тимирязев көшесі Жандосов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін;
- 18 қаңтарда сағат 01:00-ден 06.00-ге дейін – Бөгенбай батыр көшесі Достық көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін;
- 18 қаңтар және 19 қаңтар сағат 03:00-ден 07.00-ге дейін – Құрманғазы көшесі Назарбаев даңғылынан Төлебаев көшесіне дейін жабық болады.
«Түсірілім барысында түтін, пиротехникалық құралдар қолданылады, сондай-ақ қатты әрі шұғыл дыбысты көріністер болады. Кейде түсірілім адам көп жиналатын орында да болады»,- деп хабарлады әкімдіктен.
Сондай-ақ Алматы қалалық мобильділік басқармасы 2023 жылы 15 қаңтардан 19 қаңтарға дейін кейбір қоғамдық көліктердің қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізілетін мәлім етті.
16 қаңтар сағат 19:00-ден 17 қаңтар сағат 02:00-ге дейін:
- №124, №45, №79 оңтүстік бағытта Алтынсарин даңғылы - Шаляпин - Сәтпаев - Әуезов - Тимирязев көшелері - бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта Тимирязев – Жароков - Сәтпаев – Шаляпин - Алтынсарин даңғылы, бұдан әрі сызбасы бойынша;
- №22 шығыс бағытта Жандосов көшесі - Әуезов көшесі - бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта Әуезов көшесі - Жандосов көшесі бұдан әрі схема бойынша;
- №32, №205 солтүстік бағытта Сүлейменов көшесі - Алтынсарин - Сәтпаев - Әуезов - Тимирязев көшелері бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта Тимирязев - Әуезов - Сәтпаев - Алтынсарин - Сүлейменов көшелері бұдан әрі схема бойынша;
- ТП11 шығыс бағытта Жандосов көшесі – Әуезов - Абай даңғылы бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта Абай даңғылы - Әуезов - Жандосов көшесі бұдан әрі схема бойынша;
- №31 оңтүстік бағытта – Саин көшесі - Әл-Фараби - Жароков көшесі бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта Жароков көшесі - Әл-Фараби – Саин көшесі бұдан әрі схема бойынша;
- №135 – шығыс бағытта Жандосов көшесі - Розыбакиев көшесі бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта Розыбакиев көшесі - Жандосов көшесі бұдан әрі схема бойынша;
18 қаңтарда сағат 03:00-ден 07:00-ге дейін:
- №112 – шығыс бағытта Құрманғазы көшесі - Абылай хан - Абай – Достық - Қонаев көшесі бұдан әрі схема бойынша; кері бағытта өзгеріссіз;
- №12 - оңтүстік бағытта Абылай хан даңғылы - Абай - Достық даңғылы бұдан әрі схема бойынша, кері бағытта – өзгеріссіз.