Алматыда Фируза Шәріпова, Еркебұлан Тоқтар, Әділ Боранбаевтың қатысуымен жекпе-жек турнирі өтеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін, 29 сәуір кешінде Алматыда Octagon 44 аралас жекпе-жек турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Кештің негізгі жекпе-жегінде қазақстандық файтер Әділ Боранбаев (21-9-1) Бахрейн өкілі Магомед Магомедовпен (11-0) айқасады.
Жеңімпаз жартылай орта салмақтағы Octagon чемпиондар лигасының титулын иеленеді.
Сондай-ақ кәсіпқой ММА-дағы 5-2 рекорд иесі, қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар «Иран жолбарысы» деген лақап атпен танымал ирандық Мохаммед Реза Насериге (4-3-1) қарсы шығады.
Тордағы алаңға қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова да шығады (ММА-дағы рекорды 2-0).
Оның қарсыласы – ресейлік Илона Бондаренко (0-1).
Жалпы Алматыдағы Octagon 44 турнирінің файткардында 16 айқас өтеді деп жоспарланған.
Тікелей трансляция төмендегі YouTube арнада сағат 18.00-де басталады.