Алматыда Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігінің дәстүрлі конференциясы өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - «Самұрық-Энерго» АҚ Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігінің 2012-2013 жылдары ТМД елдерінде жаңадан рейтинг берілген 21 корпорацияның ең танымалы болып отыр.
Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігінің дәстүрлі конференциясында айтылды.
«2012-2013 жылдары 21 рейтинг жарияланды. Олардың ішінде ең белгілілері - «Самұрық-Энерго», «Башнефть», «Теле2», «Оралкалий», «Ростелеком». Біздің Қазақстандағы корпоративтік рейтинг қоржынымызда 14 компания бар. 2012 жылы «Самұрық-Энерго», «Конденсат» және «Сentral Asia Cement» сияқты 3 компанияның рейтингі жарияланған болатын», - дейді Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігінің ТМД және Қара теңіз аймағындағы жетекшісі Дмитрий Сурков. Оның айтуынша, Самұрық-Энерго (ВВВ+) мен Конденсаттың рейтингіне (В-) тұрақты, ал Сentral Asia Cement рейтингі (ВВ-(kaz) жағымды болып отыр.
Жалпы 2012 жылы корпоративтік заемшылар белсенді жұмыс атқарды. Ал Қазақстандағы шығарылымдардың ең белгілілері Қазақстан темір жолының 1,1 млрд. долларлық 2 шығарылымы, Самұрық-Энергоның 500 млн. долларлық еурооблигациялары және ҚазМұнайГаздың 3 млрд. долларлық 2 шығарылымы болды.